Бас жаңалықтар
Қостанайдағы кәсіпорындар жұмысшыларына жалақы бермей жүр
13 Қараша 2020, 02:18 170

Қостанайдағы кәсіпорындар жұмысшыларына жалақы бермей жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда бірнеше кәсіпорын жұмысшыларының жалақы алмағанына екі айдан асты. Өйткені кәсіпорынның есепшотын мемлекеттік кіріс басқармасы бұғаттап тастаған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Мақсат» серіктестігі жалақыға 15 млн теңге қарыз болып қалған. Анық-қанығын білеу мақсатында кеңсеге соқтық. Алайда, мәселенің мәнісін түсіндірудің орнына басшылық ат тонын ала қашты, - деді Еңбек инспекциясының өкілі.

Олар 350-ге жуық жұмысшыға жалақы төлей алмай отыр. Еңбекақы берешегінің жалпы сомасы 70 млн теңгеден асады. Қарыздан құлағы көрінбей қалған екі кәсіпорын жақында «банкрот» болып танылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...