Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

14 Қаңтар 2021, 07:15
1152
Бөлісу:
Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының солтүстік аудандарындағы қатты аяздан кейінгі бұрқасыннан республикалық маңызы бар жолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Кеше сағат 21:30-дан бастап республикалық «Мамлютка-Қостанай» А-21, «Екатеринбург-Алматы» тас жолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Ұзынкөл кентіне дейін қозғалыс уақытша жабылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады.

Азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді «Дәрмен» қосымшасы арқылы қадағалауға, ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысты шектеуге шақырады. Сонымен қатар бұрқасын кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ұсынады. «Қазгидромет» РМК филиалының деректері бойынша, 2021 жылдың қаңтар айының екінші он күндігінде ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметіне еліміздің барлық өңірлерінде қолжетімді «112» телефонына қоңырау шалыңыз, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы