Қосшы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

18 Қыркүйек 2021, 23:02
4391
Бөлісу:
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы конкурс қорытындысы негізінде Қосшы қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары лауазымына Жұмкей Берген Жұмкейұлы тағайындалды. Бұл туралы қаланың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Берген Жұмкейұлы 1985 жылы, 15 маусымда туған.

2007 жылы - «Көкше» Академиясын «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008 - 2009 жж –Көкшетау қаласының «ХҚО» ММ филиалының инспекторы;
2009 - 2010 жж - Шортанды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жж - Шортанды кентінің әкімі;
2011 ж. – «Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы;
2011-2017 жж – «Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы;
2017-2018 жж - «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
2018 жылдың шілдесінен қарашасына дейін Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2021 - Шортанды ауданы әкімінің аппаратының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы