Елімізде коронавирустан емделіп шыққандар саны 58-ге жетті

9 Сәуір 2020, 16:20
1665
Бөлісу:
Елімізде коронавирустан емделіп шыққандар саны 58-ге жетті

Н️ұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 9 сәуірдегі сағат 16:20-дағы мәліметке сәйкес, Алматыда 3 адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

Алматы қаласында 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 58-ге жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 30

Алматы қаласы – 26

Ақтөбе облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 1 адам коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы