Коронавирус: жұқпалы дерттен 1113 адам көз жұмды

13 Ақпан 2020, 09:46
1657
Бөлісу:
Коронавирус: жұқпалы дерттен 1113 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай әскері Ухань қаласына қосымша 2,6 мың медициналық қызметкерлерді жібереді.

Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы 13 қаңтарда хабарлады.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин аталмыш шешімді бекітті. Қосымша күш Ухань қаласына теңіз, әуе, құрлықтағы әскер, ракетамен қаруланған әскер және тағы басқа әскери бөлімдерден жіберіледі.

Алғашқы 1,4 мың адам індет ошағына айналған Уханьға барып, жұмысына кірісіп кетті. Жалпы вирус тарағалы бері Қытай әскері 4 мың дәрігер мен медбикесі жіберді.

Айта кетейік, соңғы деректерге сүйенсек Қытайда коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны 1113-ке жетті, 44,6 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 4740 адам ауруынан айықты.
 

Өзгелердің жаңалығы