Коронавирус жұқтырған науқас қазіргі жағдайы туралы айтты

9 Сәуір 2020, 04:26
4000
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған науқас қазіргі жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қауіпті індет жұқтырған науқас Almaty.tv арнасына сұхбат берді.

Владимир Мурзин 15 наурызда Стамбулдан Алматыға ұшып келген. 29 жастағы жігіт бұған дейін өмірінде мүлде ауруханаға жатпағанын айтады. Ауруханада науқастар үшін барлық жағдай жасалған. Алматылық тұрғын тест-сынамасын үшінші рет тапсырған кезде ғана қауіпті індет анықталыпты.  

Стамбулдан келгенде бірден анализ тапсырдық. Нәтижесінде коронавирус белгілері болмады. Араға 8 күн салып тағы да қан тапсырдық. Дәрігерлердің айтуынша, екінші анализдің қорытындысы бойынша күдік белгілері байқалған. Абыржып, уайымдап кеттім. Содан соң жұқпалы аурулар ауруханасына апарды. Ол жерде үшінші анализді өткіздік. Нәтижесі расталды. Біз үшін дәрігерлер күні-түні аянбай қызмет етіп жүр. Оларға алғысымды білдіргім келеді. Өз денсаулығыңызды сақтаңыздар, – деді  қала тұрғыны Владимир Мурзин.
Өзгелердің жаңалығы