Бас жаңалықтар
Коронавирус: Украина азаматынан ауру анықталды
27 Ақпан 2020, 18:07 192

Коронавирус: Украина азаматынан ауру анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Италияда украиналық азамат COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz хабаралады.

Коронавирус жұқтырған Украина азаматы Неапольдағы "Котуньо" емханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Оның сондағы туыстары да оқшауланды, - дейді Украина СІМ-нің консульдік қызмет департаментінің директоры Сергей Погорельцев.

Неапол қаласында қауіпті індетті жұқтырған екі жағдай тіркелген. Оның бірі 26 жастағы украиналық азаматтан анықталған. Елдің солтүстіктегі Кремонеде жұмыс істейтін ол оңтүстікке ата-анасына келген. 

Айта кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі алғаш бұл вирустың тарағаны жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хабарлаған болатын. Инфекция алғаш Қытайдың ухань қаласында тарады. Қазір Қытайда бұл вирусты жұқтырғандар саны 78 мың адамға жетті және одан 2744 адам көз жұмған. Сондай-ақ, 32 мыңдай адам емделіп шыққан. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазір әлемнің 37 елінде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2918 адамға жеткен, өлгендер саны - 44.


Фото: дереккөз
Загрузка...