Коронавирус: Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді

21 Наурыз 2020, 01:29
1734
Бөлісу:
Коронавирус: Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады. Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді, деп жазады 7kun.kz.

Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаевтың тарапынан бұл қайырымдылыққа арналған алғашқы қаражат емес. Кәсіпкерлер жазда Арыстағы мектеп пен балабақшаны қалпына келтіру бойынша 1 млрд теңге бөлген еді.

Сондай-ақ бүгін "Верный капитал" компаниялар тобы коронавируспен қарсы күреске 1 млн доллар бөлді. 

Бұған дейін коронавируспен күресуге Елбасы 200 млн теңге, "Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға 200 млн теңге бөлді, сонымен қатар BI Group компаниясы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қолдау мақсатында 100 млн теңге және  Болат Өтемұратов қоры жедел тест сатып алу үшін 200 миллион теңге бөлген еді.

Өзгелердің жаңалығы