Бас жаңалықтар
Коронавирус: Теміртау толық жабылады
02 Сәуiр 2020, 09:00 215

Коронавирус: Теміртау толық жабылады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ресми мәліметтер бойынша Қарағанды облысында вирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті, сырқаттардың біреуі қайтыс болды. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қарағандының карантин аймағына 2 сәуірден бастап кіріп-шығуға тыйым салынды.

Еске салайық, 1 сәуір күні таңертең 62 жастағы қарағандылық Covid-19 індетінен қайтыс болды. Ер адам Теміртау қаласында нотариус қызметін атқарған. Ол бұған дейін шетелде, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болмаған. Марқұммен қарым-қатынаста болған 56 адам анықталды. Алайда оның инкубациялық кезеңде қанша адамға вирус жұқтырғаны белгісіз. Осыған байланысты Теміртау қаласын жабу жайлы шешім қабылданды. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады.

СOVID-19 ауруымен ауырған сырқаттың қайтыс болуын ескере отырып, Теміртауды жабу және оқшаулау жайлы шешім шығарылды. Теміртауға кіру және шығу жолдарында үш блок бекет орнатылады. Оның біріншісі, қалаға кіреберісте – Металлургтер шеңберлі жолында, екіншісі Чкалов елді мекеніне, үшіншісі Ақтау елді мекеніне шығар жолда болады. Сонымен қатар, Теміртау қаласынан шығатын қосалқы жолдарды да жабуға байланысты қосымша шаралар қабылдануда. Екінші деңгейлі жолдардың үстіне үйіндіден, темір бетон блоктардан қоршаулар орнатылады және шұңқырлары қазылады, – дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.

Қаланы оқшауландыруға полицейлер мен әскерилер жұмылдырылады. Олар дезинфекциялық, санитарлық құралдармен толық қамтамамыз етіледі.

Медицина және санитарлық қызмет мамандары, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтің, апатты-құтқару қызметінің мамандарына қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, жүк тасымалына, инкассаторлық және жерлеу рәсіміне қатысты қызметтерге де рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда блок бекеттен өту үшін жеке басты растайтын құжат, қызметтік куәлік немесе жұмыс орнынан берілетін анықтаманы ұсыну қажет.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...