Коронавирус: Қазақстанда тағы бір адам қайтыс болды

4 Сәуір 2020, 15:39
2276
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстанда тағы бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 жағдай, 1 қазалы жағдай тіркелді. 

Нұр-Сұлтан қ. – 14,
Алматы қ. – 1,
Шымкент қ. – 1,
Ақмола облысы – 1,
Ақтөбе облысы – 3,
Алматы облысы – 1,
Жамбыл облысы – 1,
Қарағанды облысы – 1,
Қызылорда облысы – 2.

Қазақстан бойынша барлығы 525 жағдай. 1 қазалы жағдай Ақмола облысында тіркелді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Түркістан облысында 1956 жылы туған азаматтың коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған болатын. 4 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтыру салдарынан көз жұмғандар саны 5-ке жетті.
Өзгелердің жаңалығы