Коронавирус: Шымкентте екінші науқас тіркелді

25 Наурыз 2020, 16:44
2516
Бөлісу:
Коронавирус: Шымкентте екінші науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 25 наурыздағы 16:40 сағат жағдайға сәйкес індетті жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 80 науқас тіркелді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24 наурыз күні кешкісін Шымкент қаласында Covid-19 коронавирусын жұқтырған ер адам анықталды. 1996 жылы туған науқас Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ол Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген екен.

Өзгелердің жаңалығы