– 10°С: Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз болады

2026 жылғы 22–24 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.

21 Қазан 2026, 12:57
АВТОР
 pixabay.com 21 Қазан 2026, 12:57
21 Қазан 2026, 12:57
202
Фото: pixabay.com

Қазақстанға аяз келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді, - деп жазылған синоптиктер хабарламасында. 

Сондай-ақ, мамандар түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5°С-тан −5–10°С-қа дейін төмендейтінін болжады.

Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы −2–7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2–7°С аралығында болады, - дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны жөнінде болжам жасады. 

 

 

Наверх