Коронавируспен күрес. Павлодар облысына 2,8 млрд теңге бөлінген

7 Шілде 2020, 15:44
1302
Бөлісу:
 Коронавируспен күрес. Павлодар облысына 2,8 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында коронавируспен күреске 2,8 млрд бөлінген. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Коронавируспен күреске бюджеттің барлық деңгейі бойынша 2,8 млрд теңге бөлінді. Наурыз айында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 490 дәрігер бір жалақы көлемінде сыйақы алды. Медициналық ұйымдардың  материалды-техникалық базасын нығайту үшін 837 млн бөлінді. Бұл қаржыға 33 ӨЖА аппараты мен 19 кереует жанындағы мониторлар алынды. Дәрігерлердің жеке қорғанышын қамтамасыз етуге 660 млн теңге бөлінді. Тағы 42 млн теңге дәрігерлерге қосымша медициналық қажеттіліктерге жұмсалды. ТЖ кезінде коронавируспен күрескен дәрігерлер отбасыларынан бөлек тұрды. Оған кеткен шығыс та бюджеттен кетті, - деді ол. 

Әкім коронавирусқа бөлінген қаржы үнемі бақылауда екенін айтты. 

Қаржының ашықтығы мен әділ жұмсалуын барлық құзырлы органдардың бақылауында, - деді ол. 

Сондай-ақ, облыс әкімі Павлодар облысында 1,5 млрд теңгеге қосымша дәрі-дәрмек сатып алынатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы