Коронавирус расталған қазақстандық Германиядан Польша арқылы транзитпен келген

14 Наурыз 2020, 12:43
1159
Бөлісу:
Коронавирус расталған қазақстандық Германиядан Польша арқылы транзитпен келген
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Польшадан ұшып келген әйел қазір жалғыз өзі бір бөлмеде карантинде жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Ол келген ұшақтың бортында 86 адам болған.
Нұр-Сұлтанда тіркелген екінші жағдайға байланысты айтатын болсам, Қазақстан азаматынан осыдан бірнеше минут бұрын тіркелді. Қазір ол карантинде жалғыз бөлмеде жатыр. Ол транзит арқылы келген. Яғни, Германиядан Польша арқылы ұшып келген, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Лабораториялық жұмыстардың қорытындысы жарияланады және онымен контакт жасаған азаматтар тексеріледі.

Дәл қазір Қазақстанда 6 адамда коронавирус расталды. Олардың екеуі Нұр-Сұлтанда, 4-еуі Алматы қаласында тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы