Коронавирус пен пневмониядан 6 адам көз жұмды
02 Қараша 2021, 09:00 123

Коронавирус пен пневмониядан 6 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Биылғы 30 қазандағы көрсеткіш бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты.

Былтырғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 79659, 5042 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68942-ге жетті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...