Бас жаңалықтар
Коронавирус: Жапонияда карантинге жабылған лайнерде Қазақстаннан 2 бала бар
17 Ақпан 2020, 21:39 263

Коронавирус: Жапонияда карантинге жабылған лайнерде Қазақстаннан 2 бала бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СІМ баспасөз қызметі круиздік кемедегі Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы айтты.

Қазақстанның Жапониядағы елшілігі Diamond Princess круиздік кемесіндегі біздің азаматтармен тұрақты байланыста екендігін хабарлаймыз.

Бүгінгі күні олардың жағдайы алаңдаушылық тудырмайды, олар коронавирусты жұқтырмаған. Бірақ, соған қарамастан, біздің отандастарымыз вирусты жұқтырғанын жоққа шығару үшін арнайы тест тапсырды.

Аталған кеме 5 ақпаннан бастап карантинге жабылып, ол 19 ақпанда аяқталатыны мәлім. Карантин аяқталғаннан кейін және біздің азаматтарда вирус анықталмаса, оларды кемеден шығарады. Жапондық тарап круиздік кемеден шыққан кезде әр жолаушыны қайтадан қосымша тексеруді жоспарлап отыр.

Біздің дипломаттардың мәліметіне сәйкес, кемеде Қазақстаннан екі әйел мен 8 және 12 жастағы екі бала бар.  Олар өздерін жақсы сезініп, шағым айтқан жоқ. Біздің отандастарымыз барлық қажетті заттармен, атап айтқанда азық-түлік және медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, - делінген хабарламада.

Біздің азаматтар кемеден түскеннен кейін оларда вирус анықталмаған жағдайда Қазақстанға оралады деп күтілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...