COVID-19: Johnson & Johnson компаниясы өндірген вакцинаның 60 млн дозасы жойылады

12 Маусым 2021, 23:23
2414
Бөлісу:
COVID-19: Johnson & Johnson компаниясы өндірген вакцинаның 60 млн дозасы жойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Johnson & Johnson компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаның миллиондаған дозасын жоюға тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмекті санитарлық бақылау басқармасы осындай қаулы қабылдады.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 60 миллионға жуық доза жарамсыз болып қалған. Бұл препарат Балтимордағы зауытта өндірілген. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде коронавирусқа қарсы вакцина барлық елге тең дәрежеде жетпей жатыр. Сарапшылар экономикасы нашар елдерде салынған екпелер көлемі әлем тұрғындарының 1 пайызына да жетпейді дейді.


Өзгелердің жаңалығы