Коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды

13 Наурыз 2020, 12:44
3138
Бөлісу:
Коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер ауру симптомдары пайда болса, үйде жедел жәрдем шақыру керек.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирустың белгілері байқалса, ауруханаға бармауға шақырды. 

Егер сізде симптомдар болса, үйде болуыңыз керек. Сосын жедел-жәрдем шақыруыңыз керек, өздігіңізден дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес. Кореяда  осындай жағдай болып, пациент емханаға барған. Осыдан кейін бұл клиника дезинфекция мен карантинге байланысты жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болған, - деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекциямен күресте Қытай мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесін зерттеді. Қазақстанда ауруды емдеу және диагностикалау үшін жеке медициналық нысандар анықталды.

Ол үшін қаладан тыс бөлек аурухана қарастырылды.  Диагностика кезінде пациенттер ауру белгілеріне байланысты төрт санатқа бөлінеді: жұмсақ, орташа, ауыр кезеңдер және үйдегі карантиндегі адамдар. Уақытша ауруханаларда тыныс алу мүшелері мен жүйелерін емдеуге арналған арнайы жабдықтар бар, - дейді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы