Коронавирус: Қайтыс болған кісі діни сеніміне қарай жерленеді

10 Сәуір 2020, 11:25
2017
Бөлісу:
Коронавирус: Қайтыс болған кісі діни сеніміне қарай жерленеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қайтыс болған науқасты жерлеу кезінде оның діни сеніме қарай барлық рәсімдер орындалады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматы қаласы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабпен коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеудің алгоритмі жасалған.
Онда әр сала қызметтерінің өз міндеті бар. Медицина қызметкерлері науқас көз жұмған соң оның денесін залалсыздандырады. Одан ары жерлеу бойынша міндетті  өзге қызмет өкілдері кіріседі. Қаланың санитарлы-эпидемиялық қызметі де жерлеу барысын бақылап отырады. Өлгендерді жерлеу үшін қала сыртында арнайы жер бөлінген.  Жерлеу кезінде науқастың діни сеніме қарай барлық рәсімдер орындалады, - деді Әбілдаев. 
Бұған дейін, Алматыда қатерлі инфекциядан алғашқы адам көз жұмғанын хабарлағанбыз. 1956 жылы туған әйел кеше сағат 23.50 кезінде қайтыс болған.
Өзгелердің жаңалығы