Коронавирус: Австралияда алғашқы өлім тіркелді

1 Наурыз 2020, 14:10
1513
Бөлісу:
Коронавирус: Австралияда алғашқы өлім тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Diamond Princess лайнерінде саяхатта болған 78 жастағы ер адам қайтыс болды.


Австралияда коронавирусты алғаш болып жұқтырған 78 жастағы ер адам қаза тапты. Ол коронавирусты Жапониядағы Diamond Princess круиз лайнерінде саяхаттап жүргенде жұқтырған. Бұл туралы АВС хабарлады.

Ер адам Перт қаласындағы ауруханада қайтыс болған. Австралия билігі оны 79 жастағы әйелімен бірге лайнерден елге әкелгеннен кейін карантинде жатқан. Қазіргі уақытта Австралияда 25 адам коронавирус жұқтырған.
 

Өзгелердің жаңалығы