Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Департамент қызметкерлері басқа мемлекеттердің органдарымен бірлесе отырып инфекцияға душар болған адамдармен байланыста болғандарды іздестіруде. Бүгінгі таңда осындай 798 азамат саны анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг кезінде айтты.
Оқи отырыңыз:
Карантинге байланысты Алматының шекарасына кіру және шығу үшін шектеу қойылады. Ол үшін қаланың кіре берістеріне 10 магистралдық және 27 блок пост қойылады. Сол жерге полициямен бірге Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады, - деді ол.
Сонымен қатар, ол Полиция департаментінде колл-орталық жұмыс істейтінін, азаматтар 257-40-07 нөміріне хабарласып барлық сұрақтарына жедел жауап ала алатынын жеткізді.
Құрметті азаматтар, сіздерден Ішкі істер органдар тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-деді департамент басшысы.