Коронавирус: Алматыда екі науқастың жағдайы өте ауыр

7 Сәуір 2020, 12:14
1792
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда екі науқастың жағдайы өте ауыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациентте – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 7 сәуір күні Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелген.
Жұқпалы аурулар стационарларында емделіп жатқан 99 пациенттің төртеуі бала.
Осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың үш жаңа жағдайы анықталды, олардың барлығы байланыста болып жұқтырғандар. Бұл 1975 жылы туылған ер адам және 1962 және 1964 жылы туылған екі әйел. Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағалануда, тексеріп-қарау  кезінде пневмония, әйелдердің жай-күйі –қанағаттанарлық, ауру ағымының жеңіл түрі анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантинге орналастырылды,-деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні емдеуден шығарылған пациенттер жоқ. Жалпы мегаполисте емделіп жазылғандардың саны 21 адам.
 
80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациентте – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде, оның ішінде облыс тұрғыны бар. Провизорлық орталықтарда 318 адам бар, оның ішінде 35-і бала,-деді Әбілдаев.
Тек кеше ғана провизорлық орталықтардан  203 адам емдеуден шығарылған, оның ішінде 44-і бала. Олардың барлығы 14 күндік карантинде болған, теріс нәтижелермен жазылып, ауруханадан шығарылды.

 Карантиндік оқшаулауда 385 азамат бар, оның ішінде 39-ы бала, үй карантинінде – 5144 адам.



Өзгелердің жаңалығы