Корея елшісі Қазақстанмен қай салада ынтымақтастық орнағанын атады
19 Қараша 2021, 11:09 134

Корея елшісі Қазақстанмен қай салада ынтымақтастық орнағанын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан мен Корея арасындағы энергетика және ресурстар саласындағы ынтымақтастық бойынша семинар өтіп жатыр. 

Семинардың ашылуында сөз алған Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг-Сок мырза екі елдің дипломатиялық байланысы 1992 жылдан басталғанын атап өтті. Сөзінше, екіжақты сауда байланысы 2019 жылы 0,1 млрд доллардан 4 млрд долларға дейін өскен.

2019 жылы сәуірде Президент Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына аясында Корея мен Қазақстан «Жаңа жел» экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша ынтымақтастықтың жаңа арнасын ашты. Биыл тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен кейін алғаш рет шетелдік мемлекеттік қонақ ретінде Кореяға барып, 20-дан астам меморандумға қол қойды. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық аясын жаңа салаларда кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 5G, АКТ және электр көліктері сияқты жоғары технологиялық салалар, - деп атап өтті дипломат.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Алматы айналма автожолы тоқтаусыз салынып, Hyundai автокөліктері тұрақты режімде шығарылып, ферросилиций зауыты мен электр стансаларының құрылысы сияқты түрлі салаларда ынтымақтастық жүргізіліп жатыр.


Фото: автордан
Загрузка...