Елордада «Субконтракт биржасында» 16,3 млрд теңгеге келісім жасалды

4 Қазан 2019, 11:20
2528
Бөлісу:
Елордада «Субконтракт биржасында» 16,3 млрд теңгеге келісім жасалды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QazIndustry»  қазақстандық индустрия мен экспорт орталығы» ұйымдастырған үшінші «Субконтракт биржасында» 16,3 млрд теңгеге келісім жасалды. 

Қазір елордада «Субконтракт биржасы-2019» өтіп жатыр. Оған еліміздегі ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың, жүйелік құратын кәсіпорындардың, сонымен қатар, даму институттарының, ҚР Инвестициялар және министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып отыр. 

«Орталық мемлекеттік сатып алуларда жергілікті тауарлардың үлесін арттыру үшін және контракттар жасау үшін үнемі шаралар өткізіп тұрады. Бүгінгі «Субконтракт биржасы» іскерлік келісімдер мен кооперациялық байланыс құрудың маңызды құралы болып келеді», - деп атап өтті «QazIndustry»  қазақстандық индустрия мен экспорт орталығы»  АҚ басқарма төрағасы Әлишер Әбдіқадыров.

«Субконтракт биржасының» негізгі мақсаты – тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында В2В кездесулерін тиімді ұйымдастыру. Екі жақ арасында өндіріс пен тауар жеткізу, жұмыстар мен қызметтер, жергілікті өкілдің үлесін арттыру, қолдау,  қазақстандық бизнесті дамыту және ішкі нарықта олардың потенциалын арттыру мәселелері бойынша кооперациялық байланыстарды ыңғайлау үшін биыл үшінші рет өтіп отыр.

Қазақстандық өндірушілер үшін аса маңызды  болатын «QazIndustry» бастамаларының ішінде Дүниежүзілік банк - Жеткізушілерді дамыту қызметі екенін басқарма төрағасы Әлишер Әбдіқадыров атап өтті. Бұл жоба отандық тауар өндірушілердің арасында бәсекелестікті арттыруға бағытталған.  

«Ол шикізат экономикасындағы әлеуетті жеткізушілерге ірі тапсырыс алуға мүмкіндік береді. Біз «Еуразиялық өндірістік кооперация желісі, субконтрактация және трансфер» жобасы бойынша жұмысты белсенді жүргізіп жатырмыз. Бұл тапсырыс кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Субконтрактардың еуразиялық желісінің жұмыс істеуі  ЕАЭО мүше елдерінде  өндірістік өнім көлемі мен тауар өндіру қарқынын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Биржа қатысушыларының арасында «Еуразиялық топ», «Қазақмырыш», «Қазмыс корпорациясы», «Қазтеміртранс», North Caspian Operating Company N.V., KAZ Minerals тобы, Karachaganak Petroleum Operating B.V., PSA Kazakhstan, «АрселорМиттал Теміртау», «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын» және т.б. отандық машинақұрылысы, тауметаллургиясы, химия, мұнай, жеңіл өнеркәсіп және басқа тауар өндірушілер бар. 

Биржа-2019  қорытындысы бойынша KAZ Minerals тобы («ВостокЦветМет» ЖШС, «ҚАЗ Минералз Ақтоғай» ЖШС және «ҚАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС) компаниялары мен «Новопек» ЖШС, «ComTrade Product» ЖШС және «IC textile» ЖШС отандық тауар өндірушілері арасында жалпы сомасы 16,3 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды.

«Субконтракт биржасын» үш жыл қатарынан өткізу ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өзара әрекеті үшін маңызды алаң екенінің дәлелі болып отыр. 2017 жылы «Астана ЭКСПО-201» алаңында ұйымдастырылған Биржада отандық компаниялар арасында 6 кооперациялық келісім жасалған болатын. 2018 жылы 6 үшжақты келісім мен 2 екіжақты меморандумға қол қойылды.  Бұл құжаттар тауар өндірушілерді ішкі нарықта сүйемелдеу және импорттың орнын басатын өндірістерді дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы