Бас жаңалықтар
Көмір сатып алуға төлемді қалай алуға болады
19 Қараша 2020, 13:30 133

Көмір сатып алуға төлемді қалай алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындайды.

Әлеуметтік төлем 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (шамамен 160 мың теңге) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларға жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 44 448 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. 

Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы келесі құжаттар қоса берілген өтінішпен жүгінуге болады: 

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

2) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 

3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер; 

4) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін; 

5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама. 

6) банктік шот туралы мәлімет. 

Сұрақтарыңыз болса келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызға болады:

- Филаретова Инна Юрьевна Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 158 08 53; 

- Жанұзақова Құралай Серікқызы Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 705 468 50 01; 

- Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 433 93 36; 

- Станбаева Салтанат Дүйсенқызы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 961 09 68.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//