Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының 1/16 финалына шықты

13 Тамыз 2019, 21:53
1376
Бөлісу:
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының 1/16 финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер арасындағы чемпиондар лигасының үшінші матчында қазақстандық клуб «БИИК-Қазығұрт» финляндиялық «ПК-35» командасын 4:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Sports.kz жазады.

6-топтың қорытынды үшінші матчында қазақстандық команда басым түсті.

Бірінші матчта шымкенттік клуб «ЭБС-Скала» фарер клубын 9:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде эстониялық «Флораны» 2:0 есебімен ұтты.

Топтық кезең қорытындысы бойынша «БИИК-Қазығұрт» қыздары 9 балдың 9-ын иемденіп, топ бастап тұр. Кезеңді 15:1 доп айырмашылығымен аяқтады.

Енді топта бірінші орын алған команда Чемпиондар лигасының 1/16 финалына қатысып, он топтан үздік болып шыққандар мен бұрын квалификация алған 22 командамен ойнайды.

1/16 финалдың жеребесі 16 тамызда өтеді.

 

Өзгелердің жаңалығы