Бас жаңалықтар
Кибершабуыл. Kaspi.kz-ке не болды?
28 Қазан 2020, 10:08 565

Кибершабуыл. Kaspi.kz-ке не болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Таңертең әлеуметтік желі қолданушылары Kaspi.kz шотындағы ақшасының азайғанын, не көбейгені туралы жазды.

WhatsApp желісінде «28.10.2020. В городе Нур-Султан в 6:53 на банк Kaspi.kz было совершено кибер атака в результате которого в саботаже «пополненных» и «минусовых» счетов было украдено 78.937.374тг» деген ақпарат та таралып үлгерді. 


Ал банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек тұтынушылардың ақшасы орнында екенін, тек банк қосымшасында техникалық ақау болғанын айтты. 


Шынымен де, қазір банк қосымшасы ашылмай тұр.

Kaspi хаккерлердің 79 млн теңге ұрлағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. @FINANCEkaz мессенджерлердегі тараған ақпаратқа  сенбеуге және жүйенің қайта  қалпына келуін күтуге шақырады. 

Өкінішке қарай, Kaspi-де техникалық ақаулар бар. Карталармен төлеу, банкоматтардан алу және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен аударымдар уақытша қолжетімсіз. Біз бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді Kaspi өкілі. 

Қолданушылардың  сайт немесе қосымшалар арқылы кіріп, шоттағы ақшаны тексеру процесі  қызметтерге жүктеме тек артады.  

Біз көк шай ішіп, шоттарыңызды сәл кейінірек жаңартып көруге кеңес береміз, - дейді банк өкілдері.


Фото: дереккөз
Загрузка...