Хоккейден Әлем чемпионатына арнайы автобустар қатынайды

30 Сәуір 2019, 15:15
2065
Бөлісу:
Хоккейден Әлем чемпионатына арнайы автобустар қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда да 30 сәуір күні, сондай-ақ мамырдың 1, 2, 3, 4 және 5 күндері әлем чемпионатының хоккей матчтарының өткізілуіне байланысты арнайы "Shuttle-Bus" автобустары ұйымдастырылады. Бұл туралы Smart Astana Bot телеграмм-ботында хабарланды.

Жиналу нүктелері - «Қазақстан» СК тұрағы және Қанжығала Бөгенбай батыр ескерткіші алдындағы тұрақ (Бөгенбай – Сарыарқа қиылысы), «Нұр Астана» мешітінің тұрағы, елордалық цирк тұрағы.

Автобустардың жүру уақыты – матчтардың бастауына екі сағат қалғанда.

Қызмет көрсетілетін хоккей матчтары – «Словения-Қазақстан», «Беларусь-Венгрия», «Қазақстан-Литва», «Корея-Қазақстан», «Венгрия-Словения», «Қазақстан-Беларусь» және «Қазақстан-Венгрия». Жеткізу орны - «Барыс - Арена» СК.

Арнайы шаттл автобустарындағы жол жүру құны қоғамдық көліктегідей  картамен 90, қолма қол 180 теңге. 

Өзгелердің жаңалығы