Халық нақты өзгерістерді күтеді – Нечаева

14 Маусым 2019, 12:59
1593
Бөлісу:
Халық нақты өзгерістерді күтеді – Нечаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЕҰУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Нечаева Елена ҚСЗИ-да өткен дөңгелек үстелде сайлаудан кейінгі жағдай туралы айтты.

"Соңғы сайлау демократиялық процестер дамып жатқан кезде Қазақстан халқында нақты үмітерінің барын көрсетті. Күткен нәрселер президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде айтылды. Ол қоғам алдында тұрған нақты міндеттерді атады. Осы міндеттерді шешудің механизмі күрделі екені баршаға аян. Сол себепті бүгінде ең алдымен осы бағыттар бойынша ортақ ұлттық диалог қажет және оған қоғамды қалыптастыруда бағдарламалары бар конструктивті, опоозициялық барлық күштерді тарту қажет. Диалог алаңында президент айтқан міндеттерге жетуге бағытталған нақты құралдар әзірленетін болады", - деді Нечаева. 

Ол соңғы уақытта болған митингілерге қатысты пікірін білдірді.

"Билік қоғаммен байланыс орнататын жаңа жолдар табуы керек. Сіз (журналист - авт.) айтқан митингілер екі нәрсені көрсетті. Бірінші, оппозициялық күштерде нақты қалыптасқан талаптар жоқ. Өз жағына тарту үшін халықтың көп бөлігін жинай алатын бағдарламалары жоқ. Халық нақты өзгерістерді күтеді. Билік бағдарламасын жеткізді. Үкіметті жасақтап жатыр. Адамдардың көшеде айтқан сөздері естілді деп ойлаймын. Ең бірінші кадрлық тағайындаулар осы бағытта жұмыс жүргізуге септігін тигізеді. Жалпыұлтты кеңес құрылып, сол жерде қоғамның сеніміне ие болатын адамдар кірсе дейміз. Адамдар не күтетінін айтып, оны кеңес билікке жеткізетініне үміттімін. Сол себепті диалогтың өркениетті формасын іздеу керек", - деді ол.

Осыған дейін саяси менеджменттегі жас толқынға сарапшылар сенім артатыны туралы айтқанбыз.
Өзгелердің жаңалығы