Халық еңбекақысының өсімі нығайып келеді – Годунова

20 Маусым 2019, 12:11
2007
Бөлісу:
Халық еңбекақысының өсімі нығайып келеді – Годунова
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысына Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ҚР Үкіметінің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнінде есеп беріп, макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқталды. 

«Қазақстан экономикасы әлемдік экономиканың орташа өсу қарқыны мен негізгі экспорттық тауарларға сұраныстың біртіндеп қалпына келуі аясында дамыды. Сонымен бірге экономиканы әртараптандыру саясатына қарамастан, экономика өсіміне мұнай-газ секторы бұрынғысынша айтарлықтай үлес қосып отыр. Ал оның ЖІӨ құрылымындағы үлес салмағы 21,3% дейін өсті. Экспорт құрылымындағы минералды өнімдердің үлесі 74% құрайды», - деп айтты Есеп комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, 2018 жылы әлеуметтік салада да елеулі өзгерістер болып, 2014 жылдан кейін былтыр алғаш рет халықтың еңбекақысының нақты мәнде өсуіне қол жеткізілді. Годунова бұл оң үрдіс биыл да жалғасатынын айтты. Ал мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қарызы ЖІӨ 60% аспайтын қауіпсіз деңгейде тұр.

Бюджетті тиімсіз пайдалану төрт есе төмендегені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы