Хабиб Нурмагомедов қатысатын турнирдің билеттері 2 күнде сатылып кетті

10 Маусым 2019, 20:08
1695
Бөлісу:
Хабиб Нурмагомедов қатысатын турнирдің билеттері 2 күнде сатылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қыркүйек күні Әбу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінің барлық билеттері 2 күнде сатылып кетті, деп хабарланды Prosports.kz сайтында. 

Жұдырықтасу кешінің басты кездесуі Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье арасында өтетін болады.

UFC-дің жеңіл салмағында чемпион атағы бар Хабиб Нурмагомедов (27-0) өз титулын Дастина Порьеге (25-5, 1 NC) қарсы жекпе-жекте қорғайды. 

7 қыркүйек күнгі кешке Хабиб және Порьемен қатар, Майрбек Тайсумов, Зубайра Тухугов және Абубакар Нурмагомедов те қатысады.

Өзгелердің жаңалығы