Ассамблея атынан кімдер депутат болатыны белгілі болды

11 Қаңтар 2021, 12:41
2051
Бөлісу:
Ассамблея атынан кімдер депутат болатыны белгілі болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚХА атынан Мәжіліске сайланатын кандидаттарға дауыс беру қорытындысы шықты.

Дауыс беру қорытындылары бойынша 9 кандидат та Мәжіліске өтті.

Айта кетейік, ҚХА мүшелері 351 бюллетеньді пайдаланды. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны-157.

Бүгін ҚХА атынан Мәжіліске сайланатын кандидаттарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та дауыс берген еді. Тағы кімдер дауыс бергені туралы мына жерден оқи аласыздар. 

Ассамблея атынан Сауытбек Абдрахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов сынды үміткерлер қатысқан болатын.

Нәтижесінде, Сауытбек  Әбдірахманов - 298, 

Аветик Амирханян - 270, 

Ильяс Буларов - 274, 

Наталья Дементьева - 292

Юрий Ли-282

Вакиль Набиев-285

Шамиль Осин-271

Владимир Тохтасунов-277
 
Абилфас Хамедов-290 дауысқа ие болды.

4 бюллетень ешбір кандидат таңдалмаған соң жарамсыз деп таңдалды.
Өзгелердің жаңалығы