Бас жаңалықтар
ҚХА этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді
05 Маусым 2019, 13:41 890

ҚХА этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 маусым күні сағат 18.00-де елордалық «Жетісу» саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді. 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 16 этномәдени бірлестік әртістерінің өнерін тамашалайды. Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

«5 мамыр – 2 маусым аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қалалық саябақтарда Жастар жылына орайластырылған концерттер өткізілді. Алдағы гала-концертте артистердің үздік номерлері көпшілік назарына ұсынылады. Шараға «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Радуга» орыс әндері ансамблі, «Вайнах» шешен-ингуш ұжымы, «Возрождение» неміс қоғамы, «Оберег» украин қоғамы, «Колхети»грузинқоғамдық-мәдени орталығы, «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, «Радима» беларусь этномәдени орталығы, «Алеф» еврей қоғамы, Дала аймағы казактар одағының өкілдері, сондай-ақ, поляк, өзбек, қырғыз, ұйғыр, корей және башқұрт этномәдени бірлестіктері атсалысады», - делінген таратылған ақпаратта. 

Айта кетейік, шара халықтардың ана тіліндегі шығармашылығын дәріптеуге, елімізде тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлеріне құрмет көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің ұжымдарында жас таланттарды анықтауға бағытталған. 


Фото: дереккөз
Загрузка...