Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

6 Қаңтар 2021, 12:44
2018
Бөлісу:
Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. 

Зерттеу жұмыстарын Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты ЖОО-дан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты.

Академиялық адалдық Лигасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар:

1. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті;

2. Қазақстан-Британ университеті;

3. КИМЭП университеті;

4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;

5. Қазақстан-Неміс университеті;

6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;

7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

8. Халықаралық білім беру корпорациясы;

9. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;

10. Нархоз университеті. 

108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамытудың бірден-бір жолы - қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары нарықтағы сұранысқа қаншалықты сай келетінін анықтау, ЖОО-лар арасында рейтинг жасау.

Өзгелердің жаңалығы