Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

22 Шілде 2021, 22:45
3566
Бөлісу:
Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Актер Еркебұлан Дайыров «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінің марапатына ие болды.

«Бауыржан Момышұлы», «Балуан Шолақ», «Анаға апарар жол», «Әміре» және «Тобыл» сияқты тарихи фильмдердегі рөлдерімен танымал қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канн кинофестивалінде Азияның үздік актері («Бірінші Канн кинопремиясының үздік азиялық актері») деп танылды.

Мен түсірілім алаңындамын. Бұл туралы Instagram-нан білдім. Басында сенбедім. Продюсерлер маған қоңырау шалды. Жеңісті сезінуге және оны түсінуге уақыт болмады, қазір мен құттықтау қоңырауларына жауап беріп жатырмын. Баршаңызға рахмет. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, - деді актер.


Актер қазақстандық режиссер Эли Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін марапатқа ие болды. Еркебұлан Дайыров режиссердің картинаға көп күш салғанын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы