Қазақстанда жаңа халық партиясы пайда болды

11 Қараша 2020, 16:19
4143
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа халық партиясы пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Енді ҚКХП «Қазақстанның халық партиясы» деп аталатын болады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі. Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты. Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз, - деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы