Бас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан қанша бала қайтыс болды?
23 Шілде 2021, 18:14 932

Қазақстанда коронавирустан қанша бала қайтыс болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. 

Балалар арасында инфекцияны жұқтыру, әсіресе, соңғы айларда көбейген.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі күні 558 бала стационарлық ем қабылдап жатқан көрінеді.

Жаңа туған нәрестелердің арасында 13 сәби СOVID-19-бен ауырып жатыр. Соңғы айда ауру қарқыны 4,5 есеге артқанын байқап отырмыз. 4 бала ауыр халде жатыр. Олар Ақмола, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, - деді Ажар Ғиният.
Өкінішке қарай, індеттен балалардың қайтыс болу дерегі де тіркелген. Биыл 2 бала коронавирус инфекциясының құрбаны болған. Олардың бірі Солтүстік Қазақстан облысында орын алса, екінші жайт Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кейбір аурухананың коронавирус инфекциясын емдеу стационарларына айналуына байланысты елордалықтардың қай ауруханаларға жүгіне алатындықтары туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...