Елорда тұрғындары қай ауруханаларға жүгіне алады? – ДСМ жауап берді

23 Шілде 2021, 17:52
4616
Бөлісу:
Елорда тұрғындары қай ауруханаларға жүгіне алады? – ДСМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді. Елімізде орын алған эпидахуалға байланысты елордадағы емдеу орталықтары COVID-19-ды емдеу стационарларына айналып жатқаны белгілі.

Осы тұрғыда тұрғындар арасында бас ауырып, балтыр сыздай қалған жағдайда қайда жүгінеміз деген сауалдың туындары заңдылық. Осы тұрғыда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін түсіндіріп өтті.

Қазір елде инфекция өршіп тұрғанын білесіздер. Инфекциялық төсек-орындар 70%, реанимациялық төсек-орындар 78%-ға толы. Бүгінгі уақытта №1 көпсалалы аурухананы коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдейтін стационар ретінде қолданып отырмыз. Ол жерде бұрын травмотология, лор-патология, эндокринология, акушерия, гинекология сынды салалар бойынша қызмет көрсетілетін. Бұл салалар бойынша емдеу жүргізу республикалық ұйымдарға үлестіріліп берілді, - деді вице-министр.

Сонымен қатар емханаларға қатысты тоқталған ведомство өкілі елордалықтар үшін жүгінуге болатын емдеу мекемелерін атады. ІІД госпиталының жанындағы емхана шұғыл, профилактикалық көмек көрсету орталығына айналыпты. 

Жарақат пункттеріне келер болсақ, қала бойынша 3 орын бар. Бірі Травматология ҒЗИ базасында, ол жерге Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандарының тұрғындары қарала алады. 

Ал Есіл ауданында тұратындар үшін №2 көпсалалы ауруханада жарақаттарға ем көрсетіледі. Сарыарқа ауданы бойынша №14 қалалық ауруханада жарақат пунктіне қаралуға болады.

Өзгелердің жаңалығы