Бас жаңалықтар
Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастады
17 Мамыр 2021, 12:06 288

Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.

Бүгін басталған «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қару мен оқ-дәрілерді сату заңдылығына, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды қауіпсіз сақтау жағдайларына тексеру жүргізіледі, - деді Ораз.

Нұрділда Ораз қатігездікке үгіттейтін интернет кеңістіктегі топтарға да бақылау жүргізілетінін айтты.

Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін, оның ішінде жастар форумдары мен пабликтерде анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі, - деді ол.

Бұл шаралардың барлығы Қазандағы мектептегі қайғылы оқиғадан кейін жүзеге асырылып жатыр. Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленіп, мектептегі бақылау күшейтіледі.

Фото: дереккөз
Загрузка...