Бас жаңалықтар
Қазақстанда интернет неге әлсіз екені белгілі болды
16 Қазан 2020, 11:35 4038

Қазақстанда интернет неге әлсіз екені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттағы Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет неге әлсіз екенін айтты.

Телеком операторларымен бірігіп, интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда. Бірақ, соған қарамастан, неге интернет әлсіз деген сұраққа келсек, бірнеше себеп бар. Біріншісі, интернет сапасына қатаң талаптардың болмауы. Екіншісі, телекоммуникация желісінің 90 пайызы радиорелелік желіде және әуе байланыс арналары бойынша салынған. Телекоммуникациялық операторлардың қызметіне төмен айыппұлдар белгіленген. Яғни тек 100 АЕК сомасында ғана айыппұл сала аламыз, - дейді Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, Тоқаев министрді қабылдаған кезде радиожиілік саласындағы «латифундизм» мәселесіне тоқталған.
Бұл дегеніміз кіші телеком операторлар өздеріне радиожиіліктер алып, оларды қызмет көрсету үшін пайдаланбауда. Радиожиілік ресурстарды тиімді қолдану маңызды екені түсінікті. Біз арнайы аудит жасап, пайдаланылмай келе жатқан жиіліктерді мемлекетке қайтарып алуды жоспарлаудамыз. Бірақ ол үшін тиісті стандарттар мен заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінде 6 459 елді мекеннің ішінде 118 қала мен 4 558 ауыл әртүрлі технология бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. 
Екі жобаның біреуі - бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы оптикалық интернетті шалғайдағы ауылдарға тарту жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі тартылса, енді 944 ауыл қосылатын болады. Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді. Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, сондай-ақ басқа технология бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді, - деді Мусин.


Фото: дереккөз
Загрузка...