Қазақстанда індетке қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу қарастырылып жатыр

4 Тамыз 2021, 17:43
3981
Бөлісу:
Қазақстанда індетке қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу қарастырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева айтты.

Халықтың иммундық санаты мен вакцина мен індеттен кейінгі кезең де зерттеледі. Ауырғандар мен вакцина алғандарда антидене қаншалықты ұзақ уақыт сақталуына қатысты ревакцинациялау мәселесі талқыланады. Ол медициналық орталықта талқыланады. Инфекционистер мен вирусологтар, ғалымдардың арнайы тобы оны талқылап, ревакцинацияны жүзеге асыру керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді, - деді ол.

Атығаева айтқандай, ревакцинация мәселесі антиденелердің сақталу уақыты зерттелген соң бір-ақ енгізілуі керек.

Бұл мәселе инфекциямен ауырған адамның ағзасындағы немесе вакцина алған адамның организміндегі антидененің сақталу мерзіміне қатысты шешілуі керек. Ревакцинациялау мәселесі көрсеткіштерден кейін ғана жүзеге асырылуы керек, - деді жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

Бұған дейін инфекционист індеттен «кетіп жатқан» науқастардың көбеюіне қатысты дабыл қақты.
Өзгелердің жаңалығы