Бас жаңалықтар
Қазақстанда 167 автокөліктің моделі құрастырылады
12 Қыркүйек 2019, 16:07 259

Қазақстанда 167 автокөліктің моделі құрастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары еліміздің машина жасау саласында тұрақты өсім байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина өндіру мөлшері елімізде бірінші рет 1 трлн теңге деңгейінен асты. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты. 

Оның айтуынша, 2019 жылы да өндірістің жоғары динамикасы сақталған, сегіз айдың қорытындысы бойынша машина жасау өсімі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 18% жоғары.

«Машина жасау саласындағы индустрилизация бағдарламасы басталғалы жалпы құны 276 млрд теңгені құрайтын 114 жоба іске асырылды. Сонымен қатар, 11 мың жұмыс орны құрылды. Жаңа өнім түрлері пайда болды, мәселен локаматив, трансформатор, коммуникациялық жабдықтар, электрондық бұйымдар және тағы басқалары. Әсіресе атопром мен темір жол машиналарын жасау белсенді дами түсті. Ауыл шаруашылығы, тау-кен, электр-техникалық және мұнай-газ өндіру саласындағы машина құрылысы барынша жаңартылды», - дейді ол.

Сонымен қатар, ол мұндай жетістікке қолжеткізу мемлекекттің табысты өндірістік саясатының арқасында іске асырылды деген ойда. Үкімет бұл саланы ынталандыру үшін бірнеше қадамға барған, олар жеңілдетілген АЕК, жеңілдетілген кредит және өнімдердің экспортын қолдау бойынша жасалған шаралар.

«Қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік құралының барлық категориясы өндірілуде, яғни 167 автокөліктің моделі құрастырылады, оның 39-ы жеңіл көліктер. Көліктерді құрастырудан өзге дәнекерлеуден, бояуға дейінгі жұмыстарды атқарып жатырмыз», - деді Аманияз Ержанов.

Сөз арасында ол машина жасау саласында өндірілетін өнімдердің экспортын арттыру іске асырылғанын жеткізді. Әсіресе подшибник, аккумулятор, желдеткіш, транспорматор және локамативтер сыртқа шығарыла бастаған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық