Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде үшінші орынға көтерілді

8 Наурыз 2021, 15:33
1353
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде үшінші орынға көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасымен бір ойын өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін Беларусь құрамасымен қарымта ойын өтеді. «Qazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Матч елорда уақытымен 22:30-да басталады.

УЕФА футзал құрамаларының рейтингі:

1. Испания – 2247,620 ұпай.
2. Ресей – 2130,453.
3. Қазақстан – 2112,206.
4. Португалия – 2080,694.
5. Әзірбайжан – 2030,624.
6. Хорватия – 2003,347.
7. Италия – 1990,683.
8. Чехия – 1924, 724.
9. Сербия – 1876,073.
10. Украина – 1861,752.
Өзгелердің жаңалығы