Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

19 Сәуір 2021, 10:19
1561
Бөлісу:
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды. 

Ал оған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Маратбек Мықтыбеков – тәжірибелі спорт менеджері. Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі қызметін атқарды.

Сонымен қатар Мықтыбековтің спорт саласындағы жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда, ол жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионы болған, сондай-ақ дзюдо бойынша да әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.







Өзгелердің жаңалығы