Қазақстан азаматтарының назарына!

2 Мамыр 2021, 22:56
2483
Бөлісу:
Қазақстан азаматтарының назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ел тұрғындарына ескерту жариялады. Бұл туралы министрліктің телеграм парақшасында жазылды.

Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынына Сіздердің назарларыңызды қайта аударамыз (сілтемені қараңыз) - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады:

Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтары Ресей Федерациясына келесі жолдармен:

1) тікелей әуе рейстерімен;

2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-ө өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен (сілтемені қараңыз);

3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пункттері арқылы не басқа елдерден (сілтемені қараңыз) келе алады.

Өзгелердің жаңалығы