Қазақстан әскери корабльдері Каспийге шықты

16 Шілде 2021, 14:18
2547
Бөлісу:
Қазақстан әскери корабльдері Каспийге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады. Бірқатар корабльдік-жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізіліп, жүзу ауданы зерттелді. Әскери теңізшілер кеменің қалқымалы макетіне және қалқымалы минаға артиллериядан оқ атуды орындады.

Жорықты Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы басқарды. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылады. Жорықтар кезінде кеме командирлері мол тәжірибе жинайды. Жеке құрам іс жүзінде дағдыларға ие бола отырып, жауынгерлік даярлық деңгейін арттырады,- делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы