Бас жаңалықтар
Қайтадан қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе? – ДСМ жауап берді
21 Қазан 2020, 18:02 724

Қайтадан қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе? – ДСМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде алдағы екі айға жасалған болжам туралы айтып берді.

Оның айтуынша, қазір үш түрлі болжам айтылып жатыр. 

Соның оптимисті түрі – ешқандай қатаң карантиннің болмайтыны, 3 айдың ішінде 10 мыңдай адам ауруханаға түсіп, 30 мыңдай адам ауыруы мүмкін деген болжам. Ал реалистік болжам бойынша, өздеріңіз көріп жүргендей, халықтың көбі әлеуметтік қашықтықты сақтамай жүр. Той тойлап жүрген өңірлер де бар. Сонымен қатар қай өңірде инфекциялық ошақ болса, сол ошақта біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтеріміз жұмыс істеп жатыр. Яғни ауылда шықса ауылды, өндірістік жерлерде шықса, өндірісті жауып, барлық байланыста болған адамды тексеріп, вирус жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызып, аурудың елге таралып кетпеуі үшін жедел шаралар қолданып жатырмыз, - деді вице-министр.

Ғиният айтқандай, осы себептен шекарада да шаралар қатаңдатылып жатыр. 

Егер барлық шара сақталып, халық басқалардың алдында жауапкершілігін түсініп, талаптарды сақтаса, ешқандай карантин болмауы да мүмкін, - деді ол.

Вице-министр реалистік болжам бойынша 30 мыңдай адам ауруханаға түсетіні күтілуде екенін айтты. 

Біз оған дайынбыз. Барлық медицина ұйымы аурудың алдын алуын және уақытында емдеуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп жауап берді Ажар Ғиният.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...