Бас жаңалықтар
«Қайраттың» бас бапкері Германия клубын жаттықтыратын болды
07 Маусым 2021, 17:38 459

«Қайраттың» бас бапкері Германия клубын жаттықтыратын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Алексей Шпилевский қызметінен кетті.

2,5 жылдан кейін Шпилевский қызметімен қош айтысты. Келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған соң,  оның болашақ командасы «Эрцгебирг» компенсация төлейді. Уақытша бас бапкердің міндетін қазақстандық маман Кирилл Кекер атқарады. Ол биылғы маусымда «Қайрат-Жастарды» жаттықтырып жүр. Оның орнына бұл команданың тізгінін академиядағы Кирилл Морунов ұстайды, - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алексей Шпилевский «Қайратқа» 2019 жылғы маусымның басында келді. Онымен 3 жылдық келісімшарт жасалған. Былтыр Шпилевскиймен «Қайрат» араға 16 жыл салып, ел чемпионы атанды. 

Осының алдында клуб қожайыны Қайрат Боранбаев украиналық маман Сергей Ребровты 4 жылдан бері шақырып жүргенін айтқан. Жақында ол Венгрияның «Ференцварош» клубынан кеткенімен, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубының тізгінін ұстады. Сонымен қатар Құрбан Бердыевты да «Қайраттың» бас бапкері болуы мүмкін екені айтылып жүр. Әзірге Бердыев Боранбаевтың кеңесшісі қызметін атқарады.


Фото: дереккөз
Загрузка...