Қатардағы жауынгер Азияның екі дүркін чемпионы атанды

21 Сәуір 2021, 10:28
1393
Бөлісу:
Қатардағы жауынгер Азияның екі дүркін чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Армиялық орталық спорт клубына қарасты спорт ротаның мерзімді қызметтегі сарбазы, қатардағы жауынгер Нұрқожа Қайпанов Алматыда өткен еркін күрестен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Ақтық кезеңде армия спортшысы 74 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі қарсыласы ирандық спортшы, үш дүркін Әлем кубоктарының жеңімпазы Мұстафа Хоссейнханиді жеңді. Жеңіс оңай жолмен келген жоқ. Сәтті қолданылған әдістер спортшыға 6:2 есебімен жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Нәтижелерге өте қуаныштымын. Лайықты күрестім деп санаймын. Дегенмен, жекпе-жек өте қиын болды. Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің басшылығына, жолдастарым мен жаттықтырушыларыма көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Олардың арқасында бүгін осындай жетістіктерге қол жеткіздім. Әлі оқу-жаттығу жиындары жалғасады, Олимпиадаға дайындаламыз, – деп өз ойымен бөлісті әскери спортшы.

Айта кету керек, 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында Нұрқожа Қайпанов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «алтын» жүлдені еншіледі.



Өзгелердің жаңалығы