Кәсіподақтар федерациясы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты
07 Қараша 2021, 18:57 115

Кәсіподақтар федерациясы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин шахтада қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы атынан және жеке өз атымнан «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты Абай кенішінде қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Кенеттен болған апаттың адам шығынына әкелгені бізді қатты қынжылтты. Шахтада болған қайғылы оқиға алты кеншінің өмірін қиды, - деді төраға.

Ол опат болғандардың отбасыларының орны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Кәсіподақтар федерациясы оқиғаны тергеуге қатысатынын айтты.

Біздің «Қорғау» көміршілер кәсіподағының өкілдері Юрий Ильиннің жетекшілігімен Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілігімен құрылған комиссия құрамында сол жерде жұмыс істеуде. Біз қайғылы оқиғаның себептерін объективті түрде зерттеуге бар күшімізді саламыз, - деп айтты Сатыбалды Дәулеталин.

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына кәсіподақ желісі арқылы моральдық және материалдық көмек көрсетіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...